ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №54 қаулысы қабылданды

46 қаралу саны

Қаулыға сәйкес облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, Орталық мемлекеттік органдар, көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне:

  • шетел азаматтары ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтамалары болмаған жағдайда ҚР аумағына кіруге жіберілмеуін қамтамасыз ету жүктелді;
  • шетелден ПТР әдісімен COVID-19 тестінен өткені туралы анықтамаларынсыз келген ҚР азаматтарын 2 тәулікке карантиндік стационарға оқшаулануын қамтамасыз ету жүктелді.

Жоғарыда көрсетілген талаптар авиарейстер, теміржол, теңіз, өзен көлігі және автоөтпе жолдары арқылы келушілер үшін де жарамды.

Сонымен қатар, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне халықаралық жолаушылар қатынастарын шектеуді қамтамасыз ету жүктелді. Өз кезегінде, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне Қазақстан Республикасына шетелден келетін адамдарға қойылатын талаптардың өзгергені туралы туроператорларды хабардар ету тапсырылды.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің сайтында танысуға болады.

https://www.gov.kz/…/kkkbtu/press/news/details/105415…

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған