Қор қызметкерлерді сақтандыру жұмыс берушіге байланысты екенін ескертеді

65 қаралу саны

Әлеуметтік сақтандыру қоры еске салады: МӘМС төлемінен босатылған ШОБ субъектілері, қызметкерлердің сақтандырылған мәртебесін тағайындау үшін, әр айдың 25-не дейін олардың тізімін жаңартып отыру керек.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылдың 1 қазанына дейін МӘМС жарналарынан босатылған ШОБ қызметкерлерін қамту үшін үнемі жұмыс жасайды. Аумақтық бөлімшелер үнемі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитеті және «Атамекен» ҚР ҰКП бірлескен отырыста, жұмыс берушілерді өз қызметкерлерінің тізімдерін мына сілтеме https://msb.fms.kz/login бойынша жаңарту қажеттілігі туралы хабардар етті.

2020 жылдың 20 тамыз бойынша, МӘМС төлемінен босатылған ШОБ қызметкерлерінің 61% ның тізімдері ұсынылмаған.

Қор Мемлекеттік кірістер комитетімен МӘМС төлемінен босатылған ШОБ субъектілеріне, қызметкерінің тізімін ұсыну жайлы хабарламалар жіберу туралы келіссөздер жүргізуде.

Қор қызметкерлерді сақтандыру жұмыс берушіге байланысты екенін ескертеді, сондықтан тізімді жаңартып отыру маңызды.

Ақпаратты МӘМС жіберу алгоритмі инфографикада көрсетілген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған