Қоғамдық денсаулық сақтау саласының маңызды іс-шаралары талқыланды

294 қаралу саны

2020 жылы 5 маусымда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында (ҚДСҰО) «Астана медицина университеті» КеАҚ (АМУ) өкілдерімен денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (ДСДМБ) іске асыру мәселелерін талқылау жөнінде жұмыс кеңесі өтті.

Шараға АМУ қоғамдық денсаулық және менеджмент факультетінің деканы, профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Профилактикалық медицина академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ерболат Дәленов және АМУ қоғамдық денсаулық және менеджмент факультеті деканының орынбасары Валерий Шварц, ҚДСҰО тарапынан: директор Дамир Көбжасаров, жоспарлау, талдау және бағалау бөлімінің басшысы Наталья Ющицина, қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Жазира Ембердиева, жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов және инфекциялық емес аурулардың алдын алу департаментінің директоры Арыстан Молдажанов қатысты.

Халықтың салауатты өмір салтын ұстануын жетілдіру және денсаулық пайдасына таңдау жасау контексінде АМУ мен ҚДСҰО арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумды ұзарту, сондай-ақ «Салауатты қалалар» және Жастардың денсаулық орталықтары жобаларын, семіздіктің алдын алу жөніндегі жобаны және қоғамдық денсаулық сақтау саласының басқа да маңызды іс-шараларын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар талқыланды.

ҚДСҰО басшысы Дамир Көбжасаров санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты және коронавирус инфекциясын зерттеу саласында бірлескен қызметті дамыта түсуді ұсынды. Сонымен қатар, тараптар ҚДСҰО-да АМУ студенттерінің өндірістік тәжірибеден өтуін ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырды.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҚДСҰО  Фейсбук парақшасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған