Қоғамдық бақылау медициналық ұйымдардың пациенттер алдындағы жауапкершілігін күшейтеді

81 қаралу саны

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде пайдаланушылар денсаулық паспортында медициналық қызметтер көрсетілген жағдайларды белсенді талқылай бастады.

Қоғамдық бақылау медициналық ұйымдардың пациенттер алдындағы жауапкершілігін күшейтеді, сондай-ақ Медициналық сақтандыру қорына анықталған фактілерді жедел елеуге көмектеседі.

ӘМСҚ «тіркеу» тәжірибесін жоюға мүдделі, сондықтан біз көрсетілмеген медициналық қызметтердің дәлелденбеген жағдайлары туралы ақпаратты 1406 телефоны немесе qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға шақырамыз.

Мұндай бұзушылықтар үшін медициналық ұйымдарға айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері медициналық қызмет құнының 300% құрайды. ӘМСҚ ұстап алынған сомалары қайтадан көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеуге жіберіледі.

2020 жылдың алты айының қорытындысы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 75 млн теңге сомасына 11 607 қызмет көрсетілмеген жағдайларды анықтады, олар туралы қазақстандық емханалар есеп берді.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған