«Қоғамдық бақылау. Қазақстан. Сovid-19» қозғалысын жан-жақты қолдауға шақырды

49 қаралу саны

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу тақырыбы бойынша кеңес өтті

Бүгін, ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Төрағасы Тимур Сұлтанғазиевтің басшылығымен және аумақтық департаменттер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен ВКС режимінде ведомство қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кеңес өткізілді.

Кеңес барысында Комитет төрағасы басқарма басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы бойынша қабылданған шаралар туралы есептерін тыңдады.

Өз кезегінде Тимур Сұлтанғазиев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоспарлы бақылау мен қадағалау объектілерінің 59%-ы алдағы 3 жылда тексерілмейтіндігін және рұқсат құжаттарын рәсімдеу де жеңілдетілгенін атап өтті.

Жалпы, 2010 жылмен салыстырғанда жоспарлы бақылау және қадағалау объектілерінің саны 2,7 есеге (156 мыңнан 56 мыңға дейін) қысқарды, Денсаулық сақтау саласындағы тексерулер саны 8,3 есеге (420 мыңнан 50 мыңға дейін) қысқарды. Сондай-ақ, рұқсат беру құжаттарының саны 2010 жылы 81 болса, 2020 жылы 10-ға дейін қысқарды.

Сонымен қатар, Комитет төрағасы басқарма басшыларын дәрі-дәрмекпен қамту және медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатындағы халық белсенділерінің «Қоғамдық бақылау. Қазақстан. Сovid-19» қозғалысын жан-жақты қолдауға шақырды.

Бұдан басқа, басқарма басшыларынан сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу бойынша нақты шараларды қабылдауды, сондай-ақ қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуді қатаң талап етті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған