Қияр қосылған қысқа арнайы салаттар мəзірі

64 қаралу саны

1. Кубан салаты

(Қыздар өте дәмді және оңай салат)

Қажетті заттар:

– 2 кг капустаға

– 1,5 кг сәбіз

– 1,5 кг қияр

– 1,5 кг тәтті бұрыш (перец)

– 1-2 шт. ащы бұрыш

– 30 шт. қара горошок бұрыш

– 6 шт. лавр жапырағы

– 500-600 мл сұйық май

– 3 ас қасық уксус қышқылы

– 150 гр қант

– 3- 3,5 ас қасық тұз

1.Көкөністерді соломка ретінде турап, барлығын араластырамыз.

2. Туралған көкөністерге тұз, қант, уксус, сұйық май, лавр жапырағы, кара бұрышты салып, тағы да жақсылап араластырамыз.

3. Осы күйінде 1 сағатқа қойып қоямыз. Согы шыққанға дейін. Согы шыққанда тұз бен бұрыш дәмің тексеріп көреміз. Егер дәмінде бір нәрсе жетіспесе, косуга болады.

4. Кастрюлге салып, 15 минут өз согына кайнатамыз.

5. Ыстық күйінде стерильный банкіге салып, темір қақпақпен жабамыз.

6. Сол күйінде 5-6 сағатқа орап тастаймыз. Салат дайын!

2. Қысқа арнайы өте дəмді салат жабамыз

Қажетті заттар:

– 1 кг орамжапырақ

– 1 кг сəбіз

– 1 кг пияз

– 1 кг болгар бұрышы

– 1 кг қызанақ

– 1 кг қияр

– 5 шəй қасық тұз

– 5 ас қасық қант

– 1 стақан сұйық май

Барлық көкеністерді ұзыншалап турап, үстіне қант пен тұзды сеуіп, май құйып, араластырып, 1 сағаттай тұрғызамыз.

Сосын отқа қойып, қайнай бастағаннан 10 минут қайнатамыз (одан артық қайнатпаймыз).

Стерилді банкілерге салып, бұрап тастаймыз.

Сыртын қалын нәрсемен 10 сағатқа дейін орап тастаймыз.

3. Қысқа арнап қарапайым салат

Қажетті заттар:

– 1 кг орамжапырақ

– 1 кг қызанақ

– 1 кг қияр

– 1 кг болгар бұрышы

– 1 кг сəбіз

Барлығын ұзыншалап тураймыз. Қиярды домалақтап тураймыз. Ал сəбізді үккіштен өткіземіз.

Туралған көкеністерді араластырамыз.

Оларға:

– 200 гр сұйық май

– 8 шəй қасық тұз

– 16 шəй қасық қант қосамыз.

Қайта араластырып, отқа қоямыз. Біркелкі қайнай бастағаннан тура 2 минут қайнатамыз.

Бірден банкілерге салып, қақпағын бұрап, төңкеріп орап қоямыз.

4. Ерекше дəмді салат

Қажетті заттар:

– 1 кг балғын қияр

– 0,5 кг қызанақ

– 3 шт тəтті қызыл бұрыш

– 1 шт пияз

– 5 тіс сарымсақ

– 100 мл сұйық май

– 100 гр аскөк

– 2 ас қасық қант

– 2 ас қасық тұз

1. Қиярды орташа көлемде төртбұрыштап, үшбұрыштап тураймыз.

2. Қызанақ, пияз, сарымсақ пен тəтті бұрышты еттартқыштан өткіземіз.

3. Еттартқыштан өткен көкеністерді қазанға құйып, тұз, қант, сұйық май қосып, қайнатуға қоямыз.

4. Қайнай бастағаннан 5-7 минут қайнатып, майда туралған аскөкті қосып, тағы 2-3 минут қайнатамыз.

5. Сосын қайнап тұрған массаға туралған қиярды қосып, тағы бір қайнатып аламыз.

6. Қайнап болғанда стерилді банкілерге құйып, жабамыз да, қалың нәрсемен орап, түнге қалдырамыз.

Қысқа арналған салат дайын.

Осы көрсетілген азық -түліктен шамамен 2 литрдей салат шығады.

Дереккөз: «Пайдалы кеңес»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған