Қазақстанның 3 қаласында 5G қашан қосылатыны белгілі болды

46 қаралу саны

Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 5G желісі еліміздің ірі үш қаласында қашан қосылатынын айтты.

«5G ұялы байланыс стандартын енгізу бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 11 тестік сынақ жүргізілді. Керекті жиілік диапазондарын босаттық. Ары қарай операторларға тарату механизмі қарастырылады. Сонымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G желілері 2022 жылы іске қосылады. Ал облыстық орталықтарда 2025 жылға дейін жоспарланып отыр» деді Бағдат Мусин.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған