Қазақстанда сүт безі обырын ерте диагностикалау әдісі әзірленуде

31 қаралу саны

Қазақстанда сүт безі обырын ерте диагностикалау әдісі әзірленуде. «ҚР БҒМ Ғылым комитетіне қарасты М.Айтқожин атындағы Молеккулярлық биология және биохимия институтының құрылымдық және функциналды геномика зертханасында академик Нағима Айтқожинаның басшылығымен ғылыми қызметкер Елдар Әшірбековтің тобы микроРНҚ (рибонуклейлі қышқыл) негізінде сүт безі обырын ерте анықтау әдісін әзірлеп жатыр» делінген Ғылым комитетінің ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, бұл жұмыстың ерекшелігі алғаш рет ғалымдар қазақ әйелінің микроРНҚ профилінің ерекшелігін зерделеу үстінде. «Зерттеу барысында екі маркер табылды. Олардың көмегімен дәрігерлер келешекте сүт безі обырын ерте сатыда жоғары деңгейдегі дәлдікпен анықтай алады. Бұл болашақта аурудан өлім-жітімнің төмендеуіне септігін тигізеді» деді комитет.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған