Қазақстанда химиялық эмболизацияны алуға болады ма?

43 қаралу саны

Химиоэмболизацияны біздің елде, нақтырақ айтсақ, Ұлттық ғылыми медициналық орталық  клиникасында алуға болатындығынан хабарлағымыз келеді.

Неліктен біз бұл мәселені көтердік?

Себебі, емнің осы түрі көрсетілген көптеген науқастар химиоэмболизацияны қайдан алатытынан хабарсыз … Сол себепті біреуі шетелге емделуге кетсе, мұндай емді қалталары көтермейтін науқастар, емделуге мүмкіндігі жоқтар өз аймақтарында балама ем алады.

Бірақ біз туындаған мәселеден шығу жолы бар екенін айтқымыз келеді! Үш жыл бұрын, Ұлттық ғылыми медициналық орталық  клиникасы бауыр обыры бар науқастарды химиоэмболизациялауды бастады. Енді ешқайда кетудің қажеті жоқ, тіпті емді тегін алуға болады. Мемлекет мұндай емді талап ететін адамдарға үлкен мүмкіндік берді. Бұл туралы бәрі бірдей біле бермейтіні өкінішті. Орталық аймақтардағы дәрігерлерге осы әдісті жетік меңгеру үшін бірнеше рет шеберлік сыныптарын өткізді. Қатерлі ісік ауруы кезінде химиоэмболизацияны ойдағыдай жүргізетін басқа елдердің кәсіпқойлары бірнеше рет шақырылған. Орталықта ондаған қазақстандықтар квота негізінде химиоэмболизация алады. Бірақ бұл туралы білмейтіндер әлі де бар.

Қатерлі ісік ажал үкімі емес. Егер сізде осындай мәселе болса, аталмыш орталықтың дәрігері Малаев Нияз Бейсенұлы сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге, медициналық құжаттар мен зерттеу нәтижелерін қарап, сізге толық кеңес беруге дайын.

Қабылдау сағаттары: дүйсенбі-жұма сағат 9-дан 17-ге дейін

Жұмыс күндері таңғы 9-дан кешкі 17-ге дейін 8-701-217-70-40 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Сондай-ақ сұрақтарға түсініктемеде қалдыра аласыз немесе Direct-ке жаза аласыз.

Сонымен қатар, дәрігерге  өтінішті g.sultanova@nnmc.kz мекен-жайына жібере алады. Дәрігерлер құжатты қарап, жауап қайтарады.

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан, Абылай хан даңғылы, 42.

Қабылдау нөмірі: 8-7172-57-74-40, 57-76-64, 57-78-23

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған