Қазақстанда барлық дәрі-дәрмек пен медциналық бұйымдар дәріхана сөресіне түспес бұрын, кешенді сараптамадан өтеді

68 қаралу саны

Көп кезеңді сараптама барысында ДЗСҰО мамандары препараттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалайды.

Қазақстанда өндірілген және ел аумағына сырттан келген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сараптамадан өтеді.

Сирек кездесетін аурулардың алдын алуға, емдеуге, диагностикалауға, төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған медициналық препараттарға, инфекциялық аурулар пандемиясы кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жедел сараптама жасалады. Мұндай кезде сараптама мерзімі жеделдетіледі және дәрі-дәрмектің қауіпсіздігіне, сапасына, тиімділігіне қойылатын талаптар жіті қадағаланады.

COVID-19 пандемиясы кезінде дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды тіркеу процесінің қалай жеңілдетілгенін арнайы инфографикадан қараңыз.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҰДЗСО Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған