Қатерлі ісік өлім белгісі емес

70 қаралу саны

Жайлаубаев Төлеген Ғалымжанұлы біздің орталыққа емделуге Қостанайдан келіп жүр. Шамамен бір жыл бұрын оған бауыр метастаздары бар тік ішектің қатерлі ісігінің 4ші- сатысы диагнозы қойылды. Оған ота жасалып, ішектің бір бөлігі алынып тасталды, содан кейін дәрігерлер бауырды емдеуге кеңес берді.

«Мен 5 химиятерапия курсынан өттім. Польшада тұратын дәрігер досым химоэмболизация сау тіндерге әсер етпейтіндігін айтып, өзіне шақырды. Карантин басталғаннан кейін, мен оған бара алмадым. Кейін ол маған химиоэмболизацияны Қазақстанда да, ал нақты айтсақ осы орталықта өтуге болатынын айтты. Осылайша Нияз Бейсенұлымен танысып, дәрігер маған үш рет химиоэмболизация жасады. Осының арқасында бауырдағы ісік екі есеге азайды. Үш аптадан кейін мен компьютерлік томографиядан өтуім керек, егер ісік тағы бірнеше см-ге кішірейсе, онда ісіктің қалған бөлігін алып тастауға болады екен. Мен оысындай кәсіпқойлардың қолына түскеніме өте қуаныштымын және осы диагнозға кезіккендердің барлығының үмітін үзбей, өз денсаулығы үшін күрескенін қалаймын», – дейді Төлеген Жайлаубаев.

Қатерлі ісік шынымен өлім белгісі емес. Егер сізде осындай мәселе туындаса, біздің орталықтың дәрігері Малаев Нияз Бейсенұлы сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге, медициналық анықтамалар мен зерттеу нәтижелерін қарап, сізге толық кеңес беруге дайын.

Қабылдау сағаттары: Дс-Жм 9:00-17:00-ге дейін

Жұмыс күндері 9:00-17:00-ге дейін 8-701-217-70-40 нөміріне қоңырау шалуға болады

Сұрақтарды түсініктемеде қалдыруға немесе Direct-ке жазуға болады.

Сонымен қатар, дәрігер сіздің өтінішіңізді g.sultanova@nnmc.kz мекен-жайына жібере алады. Нияз Бейсенұлы құжатты қарап, жауап береді.

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Абылай хан даңғылы, 42.

Тіркеу нөмірі: 8-7172-57-74-40, 57-76-64, 57-78-23

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған