Қаржы пирамидасынан қалай сақтану керек?

37 қаралу саны

Қаржы пирамидасының белгілері қандай? Адам сенгісіз пайда, үстеме табыс уәде етіледі. Жоғары табыс келетіні жөнінде уәде тек бір рет ұйымға тарту кезінде орындалуы мүмкін, бірақ ары қарай одан да көп қаражаттан айырылып қалу қаупі өте жоғары. Компания шынайы экономикалық немесе инвестициялық қызметпен айналыспайды.

Пирамида өзін тауар, несие, туристтік, құрылыс компаниясы ретінде өзін таныстырады. Алайда, шындап келгенде ескі салымшының барлық төлемі жаңа салымшылардың жарнасы есебінен төленеді. Жобалардың материалдық-құқықтық базасы жоқ, яғни, бұл компаниялар жаңадан құрылған, қаржылық есептілікке ие емес, келісім жасамайды немесе келісімдер тек ұйымдастырушылардың пайдасына көздеп жасалған әрі Қазақстан заңнамасына сәйкес келмейді.

Компанияның қызметі тым жан-жақты, сол арқылы компания айқын әрі нақты қызметінің жоқтығын жасырады. Әлеуметтік желідегі белсенді әрі мезі қылатын жарнамасы болады. Осындай жарнаманы тарату «Жарнама туралы» заңға сәйкес емес болғандықтан, аталмыш заңсыз бизнестің барлығы әлеуметтік желі мен мессенджерде кеңінен таралады. Қаржы регуляторы лицензиясының болмауы.

Кез келген салым егер сыйақының мерзімі мен мөлшерлемесі көрсетілген болса депозит болып саналады. Халықтан салым алу үшін ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы қажет, және ол екінші деңгейдегі банктерде бар. «ҚР екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» ҚР Заңына сәйкес банктер халықпен жұмыс жасап, салынған қаражаттың қайта берілуіне кепілдеме береді. Бірақ қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары лицензияны қажет етпейтіндігін мәлімдейді.

Егер сізде қаржы пирамидасының қызметіне қатысты болуыңыз жайлы күмәніңіз болса, Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі Комитеті келесі сенім телефондары арқылы хабарласуды сұрайды: 8 (7172) 708-478, 8 (7172) 709-920.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған