Қаржы алаяғынан қалай қорғану керек?

45 қаралу саны

Парольдерді ұрлау және құпия ақпаратты жинау үшін алаяқтар спамды хабарламалар немесе жалған сайттарды пайдаланады. Сондықтан, ең бастысы қауіпсіздік талаптарын естен шығармау қажет:

  • төлем картасының деректерін күмәнді сайттарда жарияламау немесе көрсетпеу;
  • виртуалды карта арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы төлемеу;
  • интернетті пайдаланған кезде қырағылық таныту;
  • бейтаныс адамдарға ешбір жағдайда төлем картасының CVV-кодын (төлем карточканың артқы жағындағы үш таңбалы нөмір) бермеу;
  • кез-келген төлем қызметтерінен алынған парольдерді немесе SMS-хабарламамен келген құпиясөзді ешімге, тіпті «банк қызметкерімін» деп хабарласқан тұлғаларға да айтпаңыз.

Өзіңіздің банктік шотыңыздың немесе электрондық әмияныңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төлемдерді тексерілмеген интернет-дүкендерде және әлеуметтік желілердегі топтарда жасамауға кеңес береміз. Ешбір жағдайда құпия деректерді үшінші тұлғаларға телефон немесе пошта арқылы хабарламауды ұсынамыз. Өз банктік шотыңызда/электрондық әмияныңызда жүргізілетін операциялар туралы e-mail- және sms-хабарламаларды міндетті түрде қосуды ұсынамыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған