Қарбызды қалай таңдау керек?

99 қаралу саны

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының инфекциялық емес аурулар қауіп-қатері факторларының мониторингі бөлімінің басшысы Насима Жүнісова кеңес береді:

Бөлінген, жарылған, соғылған қарбыздарды сатып алмаңыз. Өйткені, тәтті сұйықтықтың мол болуы, ластану мен сыртқы температураның айтарлықтай жоғарылауы бактериялардың тез өсіп, көбеюіне әкеледі.

Толық піспеген немесе қатты піскен қарбыз пайдалы емес. Мұндай қарбызды сыртқы түрінен білуге болады. Толық піспеген қарбыздың үсті күңгірт, сабағы кедір-бұдырлы, мұртшасы солмаған болып келеді. Оны саусағыңызбен шерткен кезде тырсылды анық естисіз.

Толық піспеген қарбызды кескен кезде оның түсі қызғылт немесе ақшыл қызғылт болады. Қарбыз мәйегінің өзі жұмсақ болмайды және дәмсіз келеді.

Қатты піскен қарбыз толық піспеген қарбызбен салыстырғанда ақшыл түсті, сабағы мен мұртшасы құрғақ. Үсті жылтыр, сары дағы бірден байқалады. Қарбызды саусағыңызызбен шерткен кезде ол қатты тырсылдамайды. Бөліп қараған кезде мәйегінің түсі қызғылт сарыға дейін өзгереді, тұқым ұяшықтарында шырыш жиі кездеседі, мәйегі өте жұмсақ және бос, жеуге жарамсыз болады. Мұндай өнімнің пайдасы аз.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҰҚДСО Фейсбук парақшасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған