Қандай медициналық көмек халыққа жаппай тегін көрсетіледі?

67 қаралу саны

Мемлекет бұрынғыша халықты тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) аясында базалық медициналық қызметтермен ақысыз қамтамасыз етеді:

  • Жедел және шұғыл медициналық көмек (қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу);
  • Емханаларда қызмет көрсету (әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруға шалдыққан адамдарды терапевтің, оның ішінде бейінді мамандардың қабылдауы және кеңес беру, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинация, скринингтер, 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау, жүктілікті жүргізу);
  • Диагностика және емдеу: әлеуметтік мәні бар аурулар (туберкулез, АИТВ, психиканың бұзылуы, қатерлі ісіктер), негізгі созылмалы аурулар (диабет, артериалық гипертензия, вирустық гепатит, ревматоидты артрит және т. б.), айналадағыларға қауіпті жіті жұқпалы аурулар.

Сондай-ақ, белгілі бір ауру мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтар тегін дәрі-дәрмек ала алады.

Емхана ТМККК пакеті бойынша медициналық көмек көрсетуден бас тартса, qoldau24/7 мобильді қосымшасы арқылы Қорға хабарласуларыңызды сұраймыз.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған