Құтырмаға қарсы вакцинация. Сақтанудың өзге жолы жоқ.

30 қаралу саны

Жыл сайын 55 мың адам құтырма ауруынан көз жұмады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистика есептеріне сүйенсек,  осы  цифраны көруге болады.

Инфекция құтырма ауруымен ауыратын жануарлардан ит 60%, түлкі 24%,  мысық 10% және өзге де жануарлардан жұғады, ауру асқынғанша дейін уақытында медициналық көмек көрсетілмесе, адамның көз жұмуына әкеп соғады. Жүйке жүйесінің ауыр түрде зақымдалуын уақытында жасалған антирабиялық вакцинадан, ал терең болған  жарақаттан вакцинация мен антирабиялық иммуноглобулин комбинациясы арқылы  алдын алуға болады.

Ересек балаларда 40 ауыртатын екпе әлі есінде. Бірақ, бұл бәрі өткен жағдай. 1993 жылдан бастап  тазартылған қойылтылған антирабиялық екпе өсіні пайдалануда. Бір реттік екпе дозасын 1,0 мл-ға және  вакцинация курсын бұлшық ет инъекциясын 5-ке дейін қысқартты. Ол ересектерге дельта тәрізді бұлшық етке, ал балаларға болса көмекке қаралған күні, 3,7,14,30-күндері санның жоғарғы жағына салынады. Кейбір пациенттерге олардың организмдерінде керекті антидене саны пайда болу үшін 90-күні алтыншы инъекция жасалуы мүмкін.

Адам жарақат алғаннан кейін егу 14 күннен кешіктірмей басталған  жағдайда,  вакцинация курсы біршама тиімді болады. Сондағы, құтырма ауруына қарсы вакцина 96-98%-нда аурудансақтап қалады.

Қазіргі заманғы медицинада құтырмамен күресудің тиімді құралдары, антирабиялық вакцина және иммуноглобулин бар, бірақ адамдар өлімі жалғасуда.

Шамамен, жағдайлардың 75%-ы мал жарақаттаған жәнеинфекция жұқтырған жануарлармен басқа байланыста болғанда, бұл мәселеге алаңғасрлықпен қарап, адамдар өлім қаупіне елеулі мән бермейді.Сол себепті, өлім жағдайларының 25%-ы вакцинация курсын бұзған және белгіленген режимді орындамаған пациенттерде тіркеледі.

Өкінішке орай, құтырма ауруының төрттен бірі – 4 жастан 14 жасқа дейінгі балалар.

Құтырма ауруының инкубация кезеңі 10 күннен 1 жылға дейін немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін.

Құтырма белгілері:

  • Жалпы аурудан, ауызда құрғақтық және тәбеттің жоқтығы, бас ауруынан, дене қызуының аздап көтерілуінен, бұлшықет спазмы, тамақ ауруынан, құрғақ жөтелден басталады, жүрек айну және құсу сияқты белгілер пайда болуы мүмкін;
  • жарақат орнындағы науқастардың 50-80%-ында ыңғайсыздық пен сезімталдықтың жоғарылауы (күйю, ауырсыну, қышу). Бұрынғы жарақат орнындағы тыртықша қабынуы мүмкін, бөртіп, ісінеді. Науқас депрессиялық күйге түседі, тұйықтанып, тамаққа деген көңілі болмайды, сондай-ақ ұйқысыздық, жаман түс көру, себепсіз мазасыздық пен жабырқау сезімдері пайда болады.
  • Үш күн ішінде мазасыздық пен жабырқауға су қорқынышы қосылады. Су төгілген кезде сіңір тартылу пайда болады. Көп ұзамай және су көргенде, тіпті оны еске түсіргенде де, науқаста қорқыныш сезімі және жұтқыншақ пен көмейдің бұлшық еттері ауырсынады.
  • Ауа ағыны, шу, жарық теріге жанасу кезінде сіңірі тартылады.  Бұл агрессия мен артық есерлікке әкеп соғады. Соңында сіңір тартылу мен қозғалу қабілетсіздігінен тыныс алу салынан науқас қайтыс болады.

Аурудың ұзақтығы әдетте бір аптадан аспайды. Антирабиялық вакцинамен егу тегін жүргізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған