Құс тұмауынан сақтаныңыз!

53 қаралу саны

Құс тұмауы –  А типті тұмау вирусының штаммдарының бірі тудыратын құстар мен адамдардың жедел вирустық инфекциясы. Вирус ішекте өмір сүреді және негізінен нәжіспен шығарылады.

Ауру құстарды қалай тануға болады? Инкубациялық кезең (инфекция сәтінен бастап белгілердің пайда болуына дейін) 1-7 күнді құрайды. Зардап шеккен құстарда ұйқышылдық, түшкіру, қырылдап тыныс алу, лакримация, диарея құбылыстары, мойын мен аяқ сал ауруы, бас пен мойынның ісінуі, дірілдеу, жем мен судан бас тарту байқалады. Құс тұмауы өлімнің жоғары пайызымен сипатталады. Ауру құстардың ұшаларын кесу кезінде бас, мойын және ішек аймағында терінің астында сары-қызыл сілікпе тәрізді ісіну байқалады.

Құс тұмауы вирустарының адамнан адамға берілуі қазіргі таңда әлемнің бірде-бір елінде тіркелмеген. Адамдар дұрыс пісірілмеген немесе дұрыс қуырылмаған құс еті немесе жұмыртқасы арқылы құс тұмауының вирусын жұқтыруы мүмкін.

Сақтық шараларын ұстану құс тұмауын жұқтырудың алдын алады. Рұқсатсыз сауда орындарынан құс еті мен құс өнімдерін сатып алмауға кеңес береміз;

  • құс еті мен жұмыртқасын мұқият термиялық өңдеуден өткізіңіз;
  • жұмыртқаны пайдаланбас бұрын қабығын сабынмен жақсылап жуу қажет; 
  • мүмкіндігінше, үй және жабайы құстармен тығыз байланыс жасаудан аулақ болыңыз. Шикі жұмыртқаны пайдаланудан, ақуызды кремдерді әзірлеуден бас тартыңыз.

Құстарыңызды құс тұмауынан қорғау мақсатында үй құстарының иелерінің назарына!

  • Үй құстарын, құс тұмауынан қорғау үшін, терезелерде торлары бар үй-жайлардың болғаны дұрыс.  Жабайы құстармен байланыста болмау үшін, үй құстарының жайлары толық қоршаулы болғаны дұрыс;
  • Үй құсын күту кезінде халат, дәкеден жасалған бетпердені, қолғаптар мен бас орамалын пайдалануға кеңес беріледі;
  • Үй құстарының  үй-жайларын таза ұстап, қабырғаларын, едені мен жерді әрдайым зарарсыздандырушы құралдармен тазалап отырыңыз;
  • Құстарға арналған үй-жайға барған соң, қолды міндетті түрде сабынмен жуыңыз;
  • Құс тұмауынан қорғаудың ең тиімді тәсілі – маусымдық тұмауға қарсы вакцинация;
  • Құспен байланысқа түскен соң, сырқаттың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда (дене температурасының 38-40 дейін жоғарылауы, қалтырау, тамақтың жыбырлауы, бұлшықеттің ауырсынуы, нәжістің бұзылуы), диагнозды анықтау және уақытылы емді белгілеу үшін дәрігерге дереу жүгінген жөн. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған