Ғалымжан Әбілов: «МӘМС халықты диагностикалау мен емдеуге қаражат бөлуге дайын»

7  676 қаралу саны

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбілов Қордың аймақтағы медициналық қызметтерді қаржыландыру бойынша атқарған жұмыстары туралы айтты.

«МӘМС – медициналық қызметтердің жалғыз операторы және сатып алушысы. Қаржыландыруға бағытталған 19 лот бар. Мысалы, онкологиялық науқастарды емдеуг қаражат бөлінеді. Сондай-ақ стационарлық медициналық көмекке (жедел және жоспарлы көмек), 1,5 миллион теңгеден асатын қымбат операцияларға қаржы бөлінеді.⠀

МӘМС емханаларды қаржыландырады. Егер емханаға халықтың қандайда бір саны тіркелсе, ондағы әр адамға қаржыландыру жасаймыз. МӘМС халықты диагностикалау мен емдеуге қаражат бөлуге дайын» деді филиал басшысы.

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша бізбен бірге жұмыс істегісі келетін, орталық деректер базасында тіркелген 164 денсаулық сақтау ұйымы бар. Оның 54% -ы – мемлекеттік, қалғаны – жеке меншік. Сондай-ақ, MӘМС 68 мың шығысқазақстандыққа ауруханаларда емделуге қаржы бөлді. Күндізгі стационарларда 29 мыңнан астам адам медициналық көмек алды, 145 облыс тұрғындарына құны қымбат медициналық қызмет көрсетілді» деп қорытындылады Ғалымжан Әбілов.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған